Сотты құрметтемегені үшін әкімшілік жазаға тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Курчатов қалалық сотында ӘҚБтК-нің 653-бабының 1-бөлігі (сотты құрметтемеушілік) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған М-ға  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, азаматтық іс бойынша жауапкер М., сот отырысына дәлелді себепсіз келмеген. Жауапкерге сот отырысының өтетін орны мен уақыты туралы тиісінше хабарланған. Істі жауапкердің қатысуынсыз қарау мүмкін болмағандықтан іс кейінге қалдырылған.

Сот қаулысына сәйкес М. ӘҚБтК-нің 653-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, ескерту түріндегі әкімшілік жазасы тағайындалды.

Қаулы  заңды күшіне енді.

 

Курчатов қалалық сотының

баспасөз қызметі