Сотпен медиация тәртібінде реттеу келесімі бекітілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Глубокое аудандық сотымен кезекті азаматтық-құқықтық дауы бойынша медиация тәртібінде реттеу келісімі бекітілді.

Азаматтық іс құжаттары бойынша кәмелеттік жасқа толмаған М, өз әкесіне колледжде оқу мерзіміне алимент өндіру туралы жүгінгені анықталды.

Сот отырысына дайындық барысында сотпен дау тараптарына ҚР «Медиация туралы» Заңының әрекет ету тәртібімен  жанжалды шешу мүмкіндіктері туралы, медиациялық келісім бекітудің тараптардың мүліктік жағдайына және де олардың қарым-қатынастарына әсер етуші жағымды аспектілері туралы ақпарат жеткізілген.  

Соттан кейін тараптар кәсіби емес медиатор Т.И.Глушковаға жүгінді, өз кезегінде медиатор туындаған қиындықты шешуге көмек көрсетті.

Сот отырысына тараптар бір-біріне деген қарсылықсыз келіп, дауды реттеу келісімін ұсынып, оны соттан бекітуді және іс өндірісін қысқартуды сұрады.

Тараптар өтініші сотпен қабылданып, іс өндірісі қысқартылды.

           

Глубокое аудандық сотының

баспасөз қызметі