Сотпен 9 айда атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Күршім ауданының №2 аудандық сотының төрағасы Р.Омаровпен 2017 жылдың 9 айда атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған баспасөз маслихаты өткізілді.

Шара барысында сот төрағасы соттың тоқсандық жұмысы жөнінде баяндап, сотқа түскен және қаралған қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істердің статистикалық мәліметтерін атап өтті.

Статистикалық мәліметтерге сай ағымдағы жылдың 9 айында сотпен 34 қылмыстық, 77 азаматтық және 963 әкімшілік істер қаралған. Медиация институтын қолдану арқылы 12 қылмыстық, 18 азаматтық және 26 әкімшілік істер қысқартылған. Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін жыл басынан бері жауапкершілікке 2 адам тартылған.

Бұдан басқа, аудандық сот мемлекеттік және басқа мекемелермен кездесулер жүргізіп, дөңгелек үстелдер, брифингтер, ашық есік күндері және сот жүйесінің имиджін көтеруге бағытталған басқа да шаралар өткізілгенін атап көрсетті.   

Сот төрағасы баспасөз-мәслихатының соңында сұрақтарға жауап беріп, бүгінгі таңда сот алдына қойылған ең маңызды міндеттерінің бірі сот төрелігінің атқару сапасын жақсарту, уақытылы істерді қарау және азаматтардың құқық ағартуы болып табылатынын айтып өтті.

 

Күршім ауданының № 2 аудандық сотының

баспасөз қызметі