Сот залында қамауға алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Зайсан аудандық соты Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 476-бабының 1-бөлігі негізінде Зайсан аудандық пробация қызметі бөлімшесінің бас бостандығын шектеу жазасын өтеп жүрген Д-ға қатысты ұсынымын қарады.

Д. Зайсан аудандық сотының үкімімен ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігінің 2) тармағымен көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, үш жыл алты айға бас бостандығын шектеуге сотталған,  жаза өтеу тәртібін қасақана бірнеше мәрте бұзған.

Сот қаулысымен Д. бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген екі жыл сегіз ай екі күні бас бостандығын айыру жазасына ауыстырылып, сот залынан қамауға алынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ. 

 

Зайсан аудандық сотының

баспасөз қызметі