Сот төрағасы заң факультетінің студенттерімен кездесу өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қаласының №2 сотында оқу-тәжірибелік сот процестері өткізілді.

Іс-шара соңында сот төрағасы Г.Адильбаева судья лауазымына үміткерлер А.Бектыбаевамен, Ж.Касеновамен және С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің 2-курс студенттерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында сот төрағасы Г.Адильбаева оқу процестеріне талдау жасап, тиімді жақтарын атап өтіп, тәжірибелік ұсыныстар айтты.  Студенттерге Г.Адильбаева «Сот мәжілісін өткізу тәртібі» тақырыбында дәріс өткізіп және сот жүйесі қызметінің ерекшеліктері туралы әңгімелеп берді.

Кездесу соңында Г.Адильбаева студенттердің қойған сұрақтарына жауап беріп, өзара пікір алмасты.

 

Өскемен қаласының №2 сотының

баспасөз қызметі