Сот рақымшылық актісін қолдану туралы пробация қызметінің ұсынысын қанағаттандырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бесқарағай аудандық сотымен рақымшылық актісін қабылдау туралы Бесқарағай  ауданы пробация қызметінің ұсынысы бойынша бас бостандығын айыруға қатысты емес сотталғандардың қылмыс жасағаны үшін Г.және С-ға қатысты істері қаралды. 

1966 жылғы 16 желтоқсандағы азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пактісінің 6-бабы, 2005 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңымен ратификацияланған Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабына сәйкес, әрбір сотталушы оған рақымшылық актісін қолдану құқығына үміттене алады.                                              

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына байланысты рақымшылық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабының талабына сәйкес, кішігірім ауырлықтағы қылмыс жасаған адамдар, сондай-ақ орташа ауырлықтағы қылмыс жасағандар, бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазасын өтеп жүргендер негізгі жазадан босатылады.            

Соттың қаулыларымен, пробация қызметінің ұсыныстары қанағаттандырылды. Екі сотталғандарға да негізгі жазадан босата отырып рақымшылық жасау актісі қолданылды.                                                                       

Қаулылар заңды күшіне енді.

 

Бесқарағай аудандық сотының

баспасөз қызметі