«Сот отырысының хаттамасы»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бесқарағай аудандық сотында маңызды процессуалдық құжат болып табылатын  –  сот отырысының хаттамасын әзірлеу бойынша семинар сабағы өткізілді.

Семинар сабағында баяндама жасаған сот мәжілісінің хатшысы - бас маман Ж.Ермекова сот отырысының хатшыларына іс қаралып болғаннан кейін хаттаманың дұрыс  әзірленуі бойынша міндетті талаптарды айтып өтті.

Баяндамашы сот отырысы хаттамасының мазмұны, тәртібі және мерзімдері Азаматтық процесстік кодекстің 26 тарауында нақты көрсетілгендігі туралы түсіндірме берді.

Сонымен қатар, соттың кеңсе меңгерушісі М.Алимханова семинар барысында сот отырысының хаттамасы сот мәжілісінің жүргізілу барысы тіркелетін маңызды процессуалдық құжат болып табылатындығына  қатысушылардың назар аудартты.

 

Бесқарағай аудандық сотының

баспасөз-қызметі