«Сот отырыстарында аудио-бейнежазба құралдарын қолдану» тақырыбында семинар сабағы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Күршім ауданының  №2 аудандық сотында сот мамандарының қатысуларымен «Сот процесінде аудио-бейнежазба құралдарын қолдану» атты тақырыпта семинар сабағы  өткізілді.

Кеңсе меңгерушісі Г. Шакирова өз сөзінде, сот жүйесінде электрондық сот төрелігін қамтамасыз ету жолында ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіндіктері кеңейіп, сот процестерінің уақытында қаралуын қамтамасыз етіп, қағаз жүзіндегі жұмысты, бөгде азаматтармен байланысты азайтатынын айтты. Сонымен қатар, сот мәжілісіндегі аудио-бейне жазбаның қолданылуы міндетті болып табылатынын, аудандық және оған теңестірілген соттармен  істердің аудио-бейнежазба құрылғысын қолдануымен қаралуы бойынша 2017 жылдың өткен мерзімінде түзілген жиынтық есептің қорытындысына сай сотта 100 пайызды құрап отырғанын, осы көрсеткішті төмендетпеу керектігін айтты.    

Семинар соңында қатысушылар пікір алмасып, туындаған мәселелерді талқылады.

 

Күршім ауданының  №2 аудандық сотының

баспасөз қызметі