Сот қоғамдық жұмысқа тарту жазасын тағайындады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Курчатов қалалық сотымен ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) көзделген қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін Б.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғаны, сотталушы Б. «Дегелен» станциясында 3,37 грамм кептірілген марихуана есірткі затын заңсыз сатып алып, өткізу мақсатынсыз өзінде сақтаған. Аталған есірткі заты «Көкнәр-2017» жедел-іздестіру шараларын өткізу барысында полиция қызметкерлерімен алынған. 

Сот үкімімен  Б. ҚК-тің 296-бабының 2-бөлігімен қарастырылған қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 100 сағатқа қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ

 

Курчатов қалалық сотының

баспасөз қызметі