Сот актілерін орындаудың проблемалық сұрақтары мен оларды шешудің жолдары

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бородулиха аудандық сотында сот актілерін орындаудың проблемалық сұрақтары мен оларды шешудің жолдары бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелдің жүргізілуі барысында сот төрағасы С.Д.Байбосынова, кеңсе меңгерушісі А.Қ.Касенова, ШҚО Әділет Департаменты атқару өндірісін қамтамасыз ету басқармасының басшысы Н.К.Құрманғалиев, мемлекеттік сот орындаушысы А.А.Шалгумбаев қатысты.

Сот төрағасы С.Д.Байбосынова өз сөзінде, Қазақстан Республикасы Президенті мемлекет алдында 5 институционалды реформаларды жүргізудің міндеттерін қойғандығын атап өтті. Реформалардың басты міндеттерінің бірі «Заң үстемдігін қамтамасыз ету» болып табылады. Заңды күшіне енген сот актілері барлық мемлекеттік билік органдарына, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, қоғамдық ұйымдарға, лауазымды тұлғаларға міндетті әрі Қазақстан Республикасы аумағында қатаң орындалуы тиіс. Сот актілерін орындамау, сонымен бірге сотқа құрмет көрсетпеу заңмен көзделген жауапкершілікке әкеп соғады. Ал заңды күшіне енген сот актілерін орындамауға байланысты, бұзылған құқықтарды сотта қорғау процесі мағынасыз болып қалып, сот төрелігіне     қол жеткізу құқығы жүзеге аспайды.

Дөңгелек үстелдің қорытындысында ведомствоаралық күштерді шоғырландыру, және күшіне енген сот актілерінің ерте орындалуы туралы өзара ықпалдастықтың тиімді шараларын әзірлеу ұсынымдары талқыланды.

 

Бородулиха аудандық сотының

баспасөз қызметі