Сот актілерін орындау мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Глубокое аудандық сотының бастамасымен Глубокое аудандық ішкі істер бөлімінің ғимаратында сот актілерін орындау және жекеше айыптау істері бойынша шағымдарды дұрыс рәсімдеу сұрақтарын талқылауға арналған жиналыс өткізілді.

Аталмыш іс-шараға Глубокое аудандық сотының төрағасы С.Ж. Жансейіт, Глубокое ауданының прокуроры – әділет кеңесшісі В.А. Александров, ішкі істер бөлімінің басшысы – полиция полковнигі Р.Т. Рамазанов, ішкі істер бөлімінің жеке құрамы және сот орындаушылар қатысты.

Жиналыс барысында сот төрағасы Серік Жансейітұлы аталмыш органдар басшыларына бірлесе отырып сот орындаушыларына сот актілерін және ішкі істер органдарының әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулыларын орындауына көмек көрсету қажеттігін жеткізді.

Бұл мақсатта сот жасауылы, прокурорлар, тиісті елді-мекеннің учаскелік полиция инспекторлары және сот орындаушылардан құрылған жұмыс топтарын құрып, бірқатар ауылдар бойынша борышкерлерге қатысты рейдтік шараларды жүргізуді ұсынды.

Аталған рейдтік шаралардың басты мақсаты борышкерлердің нақты мекен-жайын анықтау, олармен заңды түсіндіру және орындаушылық жұмыстарын жүргізу, сонымен қатар, мүліктік жағдайын анықтау болып табылатындығын жеткізді.

Осы бастаманы прокуратура және ішкі істер органдарының басшылары қолдап, біріккен іс-шараларды жүргізу кестесі бекітілді.

Сонымен қатар, жиналыс барысында сот төрағасы учаскелік полиция инспекторларына және жауапты полиция қызметкерлеріне жекеше айыптау істері бойынша азаматтардың шағымдарды дұрыс жазуы істің сотта тез әрі толыққанды қаралуының алғышарты екендігін жеткізді. Осыған орай, сотпен дайындалған жекеше шағымдардың мемлекеттік және орыс тіліндегі үлгісі полиция қызметкерлеріне жұмыста қолдану үшін табысталды.

Аталған үлгідегі шағымдарды полиция бөліміне арызбен жүгінген әрбір азамат толтырған жағдайда, аталмыш шағым сотқа келіп түскенде, оның бірден соттың өндірісіне қабылданып, қылмыстық істі қозғауға мүмкіндік беретіні айтылды. Бұл дегеніміз өз кезегінде азаматтардың бұзылған құқықтарын қорғауға тиісті жағдай жасайтындығы анық.

 

Глубокое аудандық сотының

баспасөз қызметі