Сот актілерін орындау

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шемонаиха аудандық сотында ШҚО Әділет Департаментінің сот актілерін орындау іс жүргізуді қамту бойынша басқармасының басшысы Н.К.Құрманғалиев,  ШҚО Әділет Департаментінің Шемонаиха аумақтық сот орындаушалары бөлімінің аға сот орындаушысы Р.В.Усербаев, ШҚО Әділет Департаментінің Шемонаиха аумақтық сот орындаушалары бөлімінің сот орындаушысы М.Т.Дукембаевтың қатысуымен «Сот актілерді орындау» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел отырысын сот төрағасы Е.К.Шыныбаев ашып, қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот актілерін уақытылы орындалмау фактілері бар екенін жариялады.

Сот төрағасы айыппұл, мүлікті тәркілеу, мемлекеттік бажды өндіріп алу, сот шығындарын өндіріп алу, заттай дәлелмелерді жою туралы орындалмаған сот актілері бойынша статистикалық есепті келтірді. Сот актілерінің орындауға мерзімі өтуіне және оларды орындауға мүмкіндік болуына қарамастан, сот актілері көп жылдар арасында орындаусыз қалуы атап өтілді.

Дөңгелек үстелдің қорытындысында сот төрағасы сот актілерін орындау барлық мемлекеттік органдардың міндеті деп ескертті. Қатысқандарға сот актілерін уақытылы орындау мақсатында салыстыру актілерін жасап, нәтижелі іс шара қабылдауды ұсынды.

 

Шемонаиха аудандық  сотының

баспасөз қызметі