Шығыс Қазақстан облысының судьялары құрметті демалысқа шыққан судьяларды құттықтады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облыстық сотының ұжымы әріптестері Садыков Еркінбекті, Өскемен қаласының №2 сотының төрағасы Гульнара  Адильбаеваны, Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы  Еділ Кудербаевты құрметті демалысқа шығу мерейлі сәттеріне орай  салтанатты түрде құттықтады.

Садыков Еркінбек Шығыс Қазақстан облысы, Таврия ауданы Тройницкое ауылында дүниеге келген. 1981 жылы А. Бөкетаев атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдап, Ертіс аудандық халық сотының тағылымдамасынан өткен. 1982 жылдың маусым айында Май аудандық халық сотының судьясы лауазымына тағайындалған. 1984-1985 жылдар аралығында Қазақ КСР әділет Министірлігінің сот органдары Басқармасының бас консультанты. 1985-1986 жылдары Орал облысы прокурорының көмекшісі. 1986-1995 жылдар аралығында судьялық қызметтен Бүрлі ауданы халық сотының төрағасы лауазымына тағайындалған. 1995-1998 жылдары Өскемен қаласының Октябрь ауданы халық сотының халық судьясы сондай-ақ төрағасы болып тағайындалған. 1998-2005 жылдары Өскемен қалалық сотының төрағасы, 2005 жылдар аралығынан бүгінгі күнге дейін Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьясы лауызымында еңбек атқарып келген.

Гульнара Адильбаева  Шығыс Қазақстан облысы Катон-Қарағай ауданы Катон ауылында прокуратура қызметкері мен ұстаздың отбасында дүниеге келген. 1981 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетін аяқтап, Гульнара Адильбаева Семей облысының адвокаттар алқасында адвокат болып қызмет атқарды. 1995 жылдың қыркүйегінде Семей облысы Ақсуат аудандық халықтық сотына халық судьясы болып сайланып, сол соттың төрағасы лауазымына тағайындалды.  1996 жылы Шығыс Қазақстан облысының Семей қалалық сотының судьясы болып тағайындалып, 2009 жылға дейін қызмет атқарды. Кейіннен азаматтық істерді қарауға мамандандырылған Өскемен қалалық сотының төрағасы қызметіне тағайындалды. Ол сотта 2014 жылға дейін қызмет атқарып, Гульнара Адильбаева қылмыстық істерді қарауға мамандандырылған Өскемен қаласының №2 қалалық сотына төраға болып тағайындалды.

Қызмет атқару барысында Гульнара Адильбаева облыстың сот корпусының қоғамдық өміріне белсене араласты. Сот корпусының қоғамдық өміріне белсене араласқаны үшін Қазақстан Республикасының судьялар Одағының құрмет грамотасымен,  «Әйел басқарған үздік ұйым» атты конкурсының қорытындысы бойынша Өскемен қаласы Әкімінің дипломымен, Қазақстан Республикасының судьялар Одағының «Үш би» құрмет белгісімен, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының «Ерен еңбегі үшін» 3-санатты медалімен, Шығыс Қазақстан облыстық соты төрағасының алғыс хаттарымен марапатталған, Қазақстан Республикасының судьялар Одағының 4, 6 съезінде делегат болған, тәжірибе алмасу мақсатында Жоғарғы Сотпен Америка Құрама Штатына, Германия Федеративтік Республикасына жолданған.

Кудербаев Еділ Шығыс Қазақстан облысының Самар ауылының Көк-Жура ауылында дүние келген. 1976 жылы С.М. Киров атындағы мемлекеттік университетті аяқтаған ол, қызмет жолын Шығыс Қазақстан облысының Ұлан аудандық прокуратурасынан бастаған.         1998 жылдан 2002 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары лауазымында қызмет атқарған. 2005 жылы Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы болып тағайындалған. Еділ Фазылұлы сот жүйесінің қоғамдық өміріне де белсенді араласып,  «Сот жүйесінің үздігі»  II дәрежелі төс белгісімен, Шығыс Қазақстан облыстық соты төрағасының алғыс хаттарымен, құрмет грамоталарымен марапатталған.  

Салтанатты жиналыста облыстық  сот ұжымы Еркінбек Үмітқанұлына,  Гульнара Фазылқызына және Еділ Фазылұлына  сот корпусының дамуына қосқан елеулі еңбектері  үшін алғыстарын білдіріп, өздерін судьялық еңбек жолында сауатты, әрі жоғары кәсіби деңгейде әділеттілігімен ерекшеленетін судьялар  ретінде көрсеткенін атап өтті.

Өз кезегінде судьялар ұжым басшылығына және барлық әріптестеріне жемісті еңбектері үшін алғыс білдірді. Сонымен қатар, әлі де жас мамандарға ақыл-кеңес беруге дайын екендіктерін жеткізіп, денсаулық және еңбекте табыстар тіледі.

 

Шығыс Қазақстан

облыстық сотының

баспасөз қызметі