Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алты тұлғаға қатысты айыптау үкімін шығарды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы  Қасенов Б. бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен алты тұлғаға қатысты қылмыстық іс бойынша баспасөз конференциясын өткізді.  

Сот үкімімен  С.  М-мен топтаса отырып, екі тұлғаны қасақана өлтіргені үшін кінәлі деп танылған және оған түпкілікті жазасын  қауіпсіздігі  барынша жоғары мекемелерде өтеумен  20 (жиырма) жыл бас бостандығынан айыру  жазасы тағайындалды.

М.  С-ға екі адамды өлтіруге ықпал жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған түпкілікті жазасын  қауіпсіздігі  барынша жоғары мекемеде өтеумен 15 (он бес) жыл 1 (бір) ай бас бостандығынан айыру, мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыру жазасы  тағайындалып, «полиция капитаны» арнайы шенінен айырылды.

С. мен С. аса ауыр қылмысты күні бұрын уәделеспей жасырып қалғаны үшін кінәлі деп танылып, оларға жазасын  қауіпсіздігі  орташа  мекемелерде өтеумен 1 (бір)  жыл  6 (алты)  айға          бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Б. мен Б. аса ауыр қылмысты күні бұрын уәделеспей жасырып қалғаны үшін кінәлі деп танылып, оларға жазасын  қауіпсіздігі  орташа  мекемелерде өтеумен  8 (сегіз) айға  бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Шығыс Қазақстан

облыстық сотының

баспасөз қызметі