Шығыс Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісі қашықтықтан сот процестерін өткізу мәселелерін талқылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Шығыс Қазақстан облысы бойынша Соттар Әкімшісі» РММ-сі Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне (ары қарай - ШҚО бойынша ҚАЖД)  қарасты мекемелермен бірлесе «Бейнебайланыс арқылы қашықтықтан сот отырыстарын өткізу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараға ШҚО бойынша ҚАЖД қызметкерлері - ШҚО бойынша ҚАЖД әділет подполковнигі А.Е.Смағулов, ШҚО бойынша ҚАЖД ОРиН техникалық қызмет көрсету тобының аға инспекторы әділет майоры Е.Е. Қожақаев, «ШҚО бойынша соттар әкімшілігі» РММ жағынан ақпараттық технологиялар және ақпараттық ресурстарды қорғау (АТ және АРҚ) бөлімінің басшысы А.Ш. Зарыкбекова, АТжәнеАРҚ бөлімінің маманы Ә.К. Әлімбеков, «НИТ» АҚ-ның бас инженері А.О.Омаров және 156/1-22 мекемелерінің басшылары қатысты.

Дөңгелек үстел барысында бейнеконференц байланысы арқылы сот ісінің қашықтықта өтуі бойынша сұрақтар талқыланды. Семинар кезінде «ШҚО бойынша соттар әкімшілігі» РММ-нің АТжәнеАРҚ бөлімінің мамандарымен арнайы дайындалған қашықтықтан сот отырыстарын өткізу бағдарламасының баптаулары мен қосылуы бойынша слайдтар көрсетілді.

 

Шығыс Қазақстан

облыстық сотының

баспасөз қызметі