Шығыс Қазақстан облыстық сотында жаңадан тағайындалған судьялар ант қабылдады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облыстық сотында пленарлық мәжіліс өтті. Мәжілісте  Қазақстан Республикасы Президентінің 22.09.2017 ж №551 Жарлығымен тағайындалған  судьялар: Семей қалалық сотына -  Бушанов Арслан  Васильевич, Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына – Семей қалалық №2 сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып - Бұлғынбаев Даулетбек Бактиярұлы, Зырян аудандық сотына – Шамшаева Бибигуль  Абайқызы таныстырылды.

Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы м.а. Б.Ф.Шарнаева Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен және де жаңадан тағайындалған судьялардың өмірбаяндарымен таныстырды. Бұдан кейін судьялар салтанатты түрде ант қабылдай отырып,  азаматтар мен заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарын қорғау жолында бар күш жігерлерін салып, қызмет атқаратындықтарын жеткізді.

Өз кезегінде Б.Ф.Шарнаева жаңадан тағайындалған судьяларды құттықтап, алдағы қызметтеріне табыстар мен сәттіліктер тіледі.

 

Шығыс Қазақстан облыстық сотының

баспасөз қызметі