ШҚО тұрғыны сот шешімін орындамағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қаласының №2 сотымен К-ға қатысты ҚК-нің 430 бабы 1 бөлігі бойынша (заңды күшіне енген сот актісін орындамау) қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, К. басқа екі тұлғамен бірігіп  «Калгабаев несиелік серіктестігі» ЖШС құрған. Малшаруашылық саласында қызметтерін ұйымдастыру мақсатында «Ертіс Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация» АҚ- мен 6 000 000 теңге несиені алу туралы келісім жасаған. Алайда, ЖШС тарапынан несие бойынша төлем уақытында төленбегендіктен, несиеберуші сотқа талап-арыз берген. Сот шешімімен «Калгабаев несиелік серіктестігі» ЖШС-нен «Ертіс Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация» АҚ-ның пайдасына 5 324 755 теңге өндірілді.

Мемлекеттік сот орындаушысымен атқарушылық өндірісі қозғалды.

К. сот шешімін орындауға мүмкіндігі бола отырып, алты айдан астам заңды күшіне енген сот актісін орындамағаны үшін сот үкімімен кінәлі деп танылып, оған 1 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Қазақстан  Республикасы Тәуелсіздігінің 25 –жылдығына байланысты рақымшылық жасау Заңын қолдана отырып, тағайындалған 1 жыл бас бостандығын шектеу жазасынан босатылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Өскемен қаласының №2 сотының

баспасөз қызметі