ШҚО №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында баспасөз мәслихаты өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей қаласының ювеналды сотында 2017 жылдың 9 айындағы атқарылған жұмыстар бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді.

Сот төрағасы Р.Ақпар БАҚ өкілдерімен кездесуде 2017 жылдың 9 айында жалпы 575 іс қаралғанын, оның ішінде: 230 тұлғаға қатысты 230 әкімшілік іс, 331 азаматтық және 20 тұлғаға қатысты 14 қылмыстық істің қаралғанын хабарлады.

Қаралған әкімшілік істердің ішінде: 222 тұлғаға қатысты айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылып, 8 іс құқық бұзушылықтың құрамы болмағандықтан қысқартылған.

Азаматтық істер бойынша: шешім шығару арқылы 186  іс қаралып, 89 іс қысқартылған, оның ішінде: дауды медиация тәртібімен реттеу туралы мәмілеге келу арқылы – 62 іс аяқталған.

Аяқталған 14 істің ішінде 11 іс қысқартылған тәртіпте қаралған, бұл 78,6% құрайды.

Ювеналды соттың судьялары сонымен қатар кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықты реттейтін нормаларға, азаматтық істер бойынша қаралатын дауларға тоқталды.

 

ШҚО №2 кәмелетке толмағандардың істері

жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының

баспасөз қызметі