ШҚО №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік этикасы» тақырыбына семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей қаласының №2 ювеналды сотында сот мамандарының қатысуымен «Мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік этикасы» тақырыбына семинар өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – сот мамандардың моральдық-адамгершiлік бейнесiн және iскерлiк қасиеттерін арттыру.

Семинар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің негізінде өткізілді. Семинардың негізгі міндеттері: мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға, халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, қызмет уақытында және қызметтен тыс уақытында іскерлік әдепті және ресми мінез-құлық қағидаларын сақтауға.

Сот қызметкерлеріне мемлекеттік қызметкерлердің міндеттері талқыланды, соның ішінде: басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызметтік әдеп нормаларын бұзудың жолын кесуге немесе оларды болдырмау жөнінде өзге шаралар қабылдау, ұжымда әріптестерінің ар-намысы мен абыройына кір келтіретін жеке және кәсіптік қасиеттерін талқылаудан аулақ болу, қоғамға жат мінез-құлығын, оның ішінде масаң күйде болу жағдайларына жол бермеу.

Кеңсе меңгерушісі А.Ахметова Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілермен түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізілетіндігін белгіледі.

 Аталған шара ұжымдағы моральдық-әдептілік ережелерін нығайтып, жетілдіруіне себептесті.

 

ШҚО №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының

баспасөз қызметі