Шетел азаматтарының құқығын қорғау

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

ШҚО Үржар ауданының №2 аудандық сотымен құқық қорғау саласының қызметкерлерімен «Халықаралық ЭКСПО-2017» қойылымы қарсаңында келетін шетел азаматтарының халықаралық келісімдерде және Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетілген  құқықтары мен бостандықтарын сақтау мақсатында «дөңгелек үстел» өткізілді.

Аталған жиын барысында судья Р.Н.Тоқтаров шетелден келетін туристердің құжаттарының заңды рәсімделуіне және құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында дайындықты үдетуді атап өтті. Сонымен қатар, Қытай Халық Республикасынан келетін шетел азаматтарына байланысты қаралған әкімшілік істер бойынша сот төрелігін атқарудағы туындайтын кейбір сұрақтар талқыланды.

 

Үржар ауданының №2 аудандық сотының

баспасөз қызметі