Семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

ШҚО Катонқарағай аудандық сотымен 2017 жылдың 19 сәуірде 02.06.2016 жылы № 13762 санды  Қазақстан Республикасының Ішкі Істер Министірлігінің бұйрығымен бірлесе бекітілген, 03.05.2016 жылғы № 6001-16-7-6/183 санды Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының ғимараттары мен аумағында сотқа келушілерге ішкі обьекті және өткізу режимдерінің сақталуын қамтамасыз ету атты семинар сабағы өткізілді.

Семинар жұмысына Катонқарағай аудандық сотының аға сот приставы К.Самарханов пен ҚР ІІМ-нің Катонқарағай аудандық МКҚБ өкілдері қатысты.

Сот приставы К.Самарханов аудандық сотың судьялары мен мамандарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және күзет қызметкерлерінің сақтығын арттыру мақсатында ШҚО бойынша ҚР ІІМ-нің МКҚБ-ның басшылығы мен сот қызметкерлері жедел шаралар қолданатынын атап өтті.

Іс-шара барысында семинарға қатыушылар өткізу және ішкі обьекті режимінің негізгі қағидаларын талқылап, сонымен қатар, сот ғимаратының аумағына өткізілуге тиым салынған заттар тізімімен танысты.

Сот ғимараттарына өткізу режимінің қатаң тәртібі орнатылғаны жайлы баса айтылып, жұмыс күні басталғанда кезекші аға сот приставына сот ғимараты мен аумағының жай күйіне қатысты баяндама жасайтынын атап өтті.

 

Катонқарағай аудандық сотының

баспасөз қызметі