Семейдің Ювеналды сотының төрағасы Сәбилер үйінде «Тұсау кесу» рәсімін өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семейдің Ювеналды сотының төрағасы Р.Ақпар жыл сайын ата - анасынан қамқорсыз қалған  сәбиге  қазақ елінің  салт - дәстүрі бойынша  «Тұсау кесу» рәсімін  Семей қаласының сәбилер үйінде өткізуді  жақсы дәстүрге айналдырды.

2013 жылдан бастап Семейдің Ювеналды соты «Қайырымдылық жаса немесе 100 қайырымды іс»  атты акциясын өткізуде, осы акция аясында аталған іс-шара өткізілді.

Қазақ елінің бай мәдениеті, ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан салт-дәстүрі көптеген ғасырлар бойы жалғасуда. Бала алғаш қадам басуға талпынып келе жатқанда немесе өзінің тепе-теңдігін ұстай алатын жағдайға келгенде қазақ халқының салт-дәстүрі бойынша тұсау кесу рәсімін өткізген. Бұл рәсім баланың өмірде жолы болып, сүрінбей, адаспай, түзу және жеңіл жүруі  үшін жасалатын қазақ дәстүрі. Баланың тұсауын құрметті, сыйлы, ардақты, салиқалы, шапшаң, табысты, пысық адамға ұқсасын деп, сол кісінің өмірін қайталасын, тәлім алсын, мінез-құлқы балаға берілсін деген ырыммен кестірген. Ең бастысы тұсау кесетін кісінің қолы жеңіл болуына мән берген.       

Сот төрағасы Р.Ақпар «Тұсау кесу» рәсімін өткізгеннен кейін баланың болашақ өміріне батасын беріп, барлықтарын Наурыз мерекесімен құттықтады. Бата берілгеннен кейін «шашу» шашылып, ата - анасынан қамқорсыз қалған  сәбилерге сыйлықтар таратылып, домбырамен өлең айтылды.

 

ШҚО №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі