Семей қаласының Ювеналды сотында ағымдағы жылдың 1 тоқсанындағы атқарылған жұмыстар бойынша баспасөз-конференция өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сот қызметінің ашықтығын, атқарылған жұмыстарын  және қол жеткізген жетістіктерін, алдағы уақыттағы жоспарлары мен бағыт-бағдарларын қоғамға жеткізу мақсатында ШҚО №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сот төрағасы Р.Ақпар және судьялар С.Азмаганбетова, Р.Байжуманова бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен «2017 жылдың бірінші тоқсанындағы соттың атқарған жұмыстарын талқылау» тақырыбында баспасөз-конференция өткізді.

Төраға Р.Ақпар БАҚ өкілдерімен кездесуде 2017 жылдың 3 айында жалпы 151 іс қаралғанын, оның ішінде: 58 тұлғаға қатысты 58 әкімшілік іс, 92 азаматтық және 1 қылмыстық істің қаралғанын хабарлады.

Қаралған әкімшілік істердің ішінде: 56 тұлғаға қатысты айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылып, 2 іс құқық бұзушылықтың құрамы болмағандықтан қысқартылған. Ағымдағы жылдың 3 айында салынған айыппұлдың сомасы 1 358 936 теңгені, ал өз еркімен төленген айыппұл сомасы 392 636 теңгені құрайды. Заң бұзушылыққа жол берушілік анықталған әкімшілік істер бойынша 12 жеке қаулы шығарылып, барлығы орындалған.

Азаматтық істер бойынша: шешім шығару арқылы 65 іс қаралып, 28 іс қысқартылған. Сотта, азаматтарға дауды медиация тәртібімен реттеу туралы түсіндіру жұмыстары жалғастырылып жатқанын атап өтуге болады.  

1-тоқсанда сотта дауды медиация тәртібімен реттеу туралы мәмілеге келу арқылы – 18 іс аяқталған, яғни қаралған азаматтық істердің 19,6% құрайды.  Оның ішінде пилоттық жоба бойынша міндетті медиация негізінде 4 іс қаралған.

Кездесу барысында қатысушылар жиі қаралатын істердің санаттарына жеке тоқталды.

Кездесу соңында БАҚ өкілдері барлық сұрақтарына жауап алды.

 

 

ШҚО №2 кәмелетке толмағандардың істері

жөніндегі мамандандырылған ауданаралық

сотының баспасөз қызметі