Семей қаласы №2 сотының қарауында «Е – электрондық қылмыстық іс» түсті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017 жылы 10 қыркүйектен бастап «Е – электрондық қылмыстық іс» пилоттық жобасы іске қосылды. «Е – электрондық қылмыстық істің» негізгі артықшылығы, электрондық форматтағы құжатты бұрмалау мүмкіндігінің жоқтығы, қылмыстық істер жоғалмайды және тез тергеледі. Процеске қатысушылар кез келген уақытта онлайн режимде істің қандай сатыда қаралып жатқанын қарау мүмкіндігі болады. Егер іске қатысушы тараптар тергеушінің әрекетіне шағым келтірсе прокурор оның әрекетін онлайн режимінде тексере алады. Соттың санкциясын электронды түрде алуға болады.

Сонымен қатар, электронды қылмыстық іс керек емес қағазбастылықтан құтылуға жол береді. Бағдарламада 100-ге жуық процессуалды құжаттардың үлгісі болады, әр іс мұқият қаралып, мемлекет бойынша бірыңғай тәжірибе қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бағдарлама рұқсат етілмеген бөгде адамдардың, сонымен қатар жүйе әкімшілерінің қылмыстық іс материалдарына қол жеткізуінен жоғарғы дәрежеде қорғалған. Істі жүргізетін тергеуші және прокурордың ғана рұқсаты болады.

Семей қаласы №2 сотының қарауына электронды түрде 4 санкциялау жөніндегі материалдар және Әзірбайжан Республикасының азаматына қатысты 1 «Е – электрондық қылмыстық іс» сотқа Қылмыстық Кодекстің 214 бабы 1 бөлігі (заңсыз кәсiпкерлiк, яғни кәсiпкерлiк қызметті тiркеусіз, сол сияқты осындай қызмет үшін міндетті лицензиясыз акцизделетін тауарларды айтарлықтай мөлшерде өндірумен,сақтаумен ұштасса) бойынша келіп түсті.

Қылмыстық іс материалдары бойынша Әзірбайжан Республикасының азаматы заңсыз баю мақсатында, өзінің әрекетінің құқыққа қарсы екенін біле тұра қылмыстық жоспар құрып, яғни рұқсат етілмеген кәсiпкерлiк қызметпен айналысу мақсатында акциздік маркасы жоқ және шетел акциздік маркалы  темекі бұйымдарын айналымға түсірген.

2017 жылдың 9 қыркүйегінен бастап Семей қаласында контейнермен көлікжайларды жалдап, бұрын сатып алынған темекі бұйымдарын сақтау мақсатында қойма ретінде пайдаланған және  акцизделетін тауарларды өткізген.

Іс қарау сатысында.

 

Семей қаласы №2 сотының

баспасөз қызметі