Семей қалалық сотының судьялар құрамы жаңа судьялармен толықты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017 жылдың 10 сәуірдегі № 458 Қазақстан Республикасы Елбасының Жарлығымен Д.Б.Кәрімова және Ж.Ж.Жанатбекова Семей қалалық сотының судьялар лауазымына тағайындалды.

Жаңадан келген судьялардың құқықтық тәжірибелері мол – Динара Булатқызы Кәрімова өз еңбек жолын 1999 жылы құқық пәнінің оқытушысы болып бастаған, Семей қаласының Әділет басқармасының зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау бойынша маманы және нормативтік-құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің басшысы болып, акционерлік қоғамының басшы лауазымдарында қызметін жалғастырған.

Жанар Жанатбекқызы Жанатбекова өз еңбек жолын 1999 жылдан бастап Талдықорған қалалық аумақтық учаскесінің сот орындаушысы қызметінен бастаған, одан кейін Алматы облысы бойынша соттар Әкімшісінің кадрлық жұмысы бойынша бөлімінің маманы болып, 2008-2014 жылдар аралығында Алматы облысы бойынша Қазынашылық Департаментінің заң, одан кейін персоналды басқару бөлімінің басшысы қызметін атқарған. Департаменттің заң бөлімінің, кейіннен Талдықорған қаласы бойынша Салық басқармасының бас маманы болып жұмыс істеген.

Семей қалалық соты төрағасының міндетін атқарушы А.Секенов жаңа судьяларды құттықтап, «Сіздердің кәсіби біліктіліктеріңіз, іске жауапкершілікпен қарағандарыңыз және мақсатқа жете білулеріңіз әрдайым сот төрелігінің нығаюына қызмет етсін», -  деп тілегін білдірді.

 

Семей қалалық сотының

баспасөз қызметі