Семей қалалық сотында жаңа судья тағайындалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Дамир Әбдіғалиев Семей қалалық сотында жаңадан тағайындалған судья А. Бушановты таныстырды.

Бушанов Арслан Васильевич 1983 жылы 28 мамырда Семипалатинск  қаласында дүниеге келген. 2004 жылы Семей қаласының Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітірген. Өз еңбек жолын заңгер ретінде бастаған. 13 жыл заңгерлік салада жұмыс істеп, 2017 жылдың 22 қыркүйегі №551 «Қазақстан Республикасы соттарының судьялары мен төрағаларын қабылдау және жұмыстан босату туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Семей қалалық сотының судьясы лауазымына тағайындалды.

Д. Әбдіғалиев жаңадан қабылданған судьяны құттықтап, ауыр, әрі өте жауапты міндет болып табылатын сот төрелігін жүзеге асыруда сәттіліктер тіледі. 

 

Семей қалалық сотының

баспасөз қызметі