Семей қалалық сотында ашық есіктер күні өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей қалалық сотында ашық есіктер күні өткізілді. Семей қалалық сотының жұмысымен танысуға Семей қаласының гуманитарлы-заңды және техникалық колледжінің студенттері танысуға келді. Болашақ заңгерлерге іс-шара экскурсиядан басталды, оның барысында олар сот отырысы залдарын, медиация кабинеті, сот мұражайын тамашалады. Сот органдарының жаңа инновациялық технологияларымен, автоматтандырылған құжат айналымы жүйесінің жұмысы жайлы кеңсе меңгерушісінің м.а. Г. Толысбаева әңгімеледі. «2015 жылдан бастап Республика соттарында жаңа инновациялық аналитикалық «Төрелік» жүйесі еңгізілгенін айтты, ол өз кезегінде барлық электронды қызметтерді, республика соттары, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының арасындағы ортақ құжат айналымды жасауға, кадр қызметінің жұмысын, мұрағат, қауіпсіздік қызметінің жүйесін автоматтандыруға бағытталған. Бір сөзбен айтқанда, талап арыздарды қабылдауды, азаматтардың және заңды тұлғалардың арыздарын сотқа беру үрдісін неғұрлым жеңілдету үшін жасалған  сот жүйесінің барлық құралдары бір ортақ ауқымды, полиграмды жүйеге біріктірілген»-деп тоқтала кетті.

Тәжірибе өту тәртібі және жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы ақпаратты алған студенттер қызықты әрі ауқымды кездесу үшін алғыстарын білдірді.  

 

Семей қалалық сотының

баспасөз қызметі