С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік Университетінде Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров заң факультеті студенттеріне дәріс оқыды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік Университетінде Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров заң факультеті студенттеріне дәріс оқыды.

Шараға тыңдаушы ретінде заң факультетінің студенттері мен оқытушылары, жергілікті «Рудный Алтай», «Дидар», «Алдаспан», республикалық  «Егемен Қазақстан» газеттерінің және  «Қазақстан Өскемен», «Атамекен» телеарналарының тілшілері қатысты.

Аталмыш шара судьялардың VII съезінің қорытындысындағы тапсырмаларды жүзеге асыруға, яғни  қоғамды құқықтық тәрбиелеу мақсатында  іске асыруға бағытталған. Осы орайда Шығыс Қазақстан облысының соттарымен жоғарғы оқу орындарында құқықтық айлық өткізілуде. 

Іс-шарада  «100 нақты қадам» - Ұлт жоспарын іске асыру мақсатында өткізілген сот - құқықтық реформасы, процестік заңнаманың негізгі жаңашылдықтары және заманауи  технологияларды пайдалану негізінде сот төрелігін жүзеге асыру тәсілдері қамтылды.

Атап айтқанда, Досжан Әміров, сот төрелігін іске асыруды неғұрлым оңайлатуға, көптеген салалар бойынша дауларды татуластыру рәсімдерін қолдана отырып, реттеуге бағытталған жаңа Азаматтық процестік кодексінің қағидатты нормаларына жеке тоқталды. Сонымен қатар, судьялардың жаңа Әдеп Кодексіне және судьялыққа үміткерлері таңдау, қызметтегі судьяларға деген талаптардың күшеюіне тоқталды. Қылмыстық құқықтың жаңашылдықтарына баса назар аудара отырып,  қылмыстық жазаның жаңа түрлерін  де атап  өтті.

Өз сөзінде Досжан Әміров: «Сот жұмысының сапасы - мемлекетіміздің демократиялық дамуының негізгі факторы, біз сот жүйесінің нақты және тиімді жұмыс атқаруы үшін барымызды саламыз»-деді.

Студенттер өздерін қызықтыратын бірқатар сұрақтарға яғни,  азаматтық және қылмыстық істердің қаралу мерзімі, медиация институты, сот жүйесіндегі жаңа технологиялар және мемлекеттік қызметке өту, соттарда студенттердің тағылымдамадан өтуі жөніңдегі сұрақтарға қатысты жауаптарын алды.

 

 

Шығыс Қазақстан облыстық сотының

баспасөз қызметі