Рұқсат құжатынсыз балық тасымалдаған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Күршім аудандық соты ӘҚБтК 389-бабы, 1-бөлігі (жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз иемдену, өткізу, алып өту, әкелу, әкету, сақтау) бойынша құқық бұзушылық жасаған  М.-ға  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта істі қарау кезінде, құқықбұзушы М.   өзінің көлігінде шортан тектес  115,5 кг. балық өнімдерін рұқсат құжаттарынсыз заңсыз тасымалдағаны анықтылды.

Сот қаулысымен құқық бұзушыны ӘҚБтК-нің 389-бабы, 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 22 690 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ. 

 

Күршім аудандық сотының

баспасөз қызметі