Риддер қалалық сотында семинар тренинг өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

В

             Риддер қалалық сотында «Талап қою, ерекше іс жүргізу тәртібімен талап қою арыздарын, шағымдарды рәсімдеу тәртібі» тақырыптарында семинар тренинг өткізді.

Семинар тренинге қатысу үшін Риддер қаласының адвокаттары мен заңгерлері шақырылды.

Семинар тренингте сөз алған сот төрағасы Т.К. Адаспаев талап қою, ерекше талап қою және ерекше іс жүргізу тәртібімен талап қою арыздарын, шағымдарды әзірлеуге қойылатын негізгі талаптар жайында айтты.

Сондай-ақ, аталған құжаттарды рәсімдеу кезінде адвокаттар мен заңгерлер және басқа өкілдер тарапынан жіберілетін қателіктерге тоқталды. Бұл қателіктердің талап арыздарды, арыздарды кері қайтаруға негіз болатындығын айтып, нақты мысалдар көрсетті.

Сондай-ақ, «Сот кабинеті» сервисін қолдану тәртібі мен  Жоғарғы Сот тарапынан енгізіліп отырған жаңашылдықтарды түсіндірді.

 

Риддер қалалық сотының

баспасөз қызметі