Ресей азаматы көші-қоны саласындағы заңды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Қазақстан Республикасының  әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 517-бабының, 2-бөлігіне сәйкес (тіркеу кезінде көрсетілген мекен-жайда тұрмау) Ресей Федерациясының азаматына қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотта істі  қарау барысында,  Л. Ресей Федерациясының азаматы бола тұра, Қазақстан Республикасына 2017 жылдың 10 наурызында «Өскемен» БӨП-і арқылы келіп, Қазақстан Республикасы аумағына келіп кету қағидасын бұзып, яғни көзделген мерзімдерден астам уақыт ішкі істер органдарында тіркеуден өтпей ӘКБтК-нің 517-бабының 2-бөлігінде көзделген әкімшілік құқықбұзушылықты жасаған.

Соттың қаулысымен Л. ӘҚБтК-нің 517-бабының, 2-бөлігі бойынша әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде – 34 035 (отыз төрт мың отыз бес) теңге айыппұл салынған.  

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының

баспасөз қызметі