Рақымшылық Заңы қолданылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Аягөз аудандық соты ШҚО бойынша ҚАЖД Аягөз аудандық пробация қызметі бөлімінің басшысының сотталған Е-нің жазаны одан әрі өтеуден босату туралы ұсынысын қарады.

Сот отырысында Аягөз аудандық пробация қызметі бөлімінің өкілі «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» 2016 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының 2-бабының 3-тармағы, 1-тармақшасына сәйкес, бас бостандығынан шектеуге сотталған Е-ні жазаны одан әрі өтеуден босату туралы ұсынысын қанағаттандыруды сұрады.

Аягөз аудандық сотының қаулысымен азаматша Е-ні жазаны одан әрі өтеуден босату туралы ұсынысы қанағаттандырылып, ол тағайындалған жазасының өтелмеген бөлігін одан әрі өтеуден босатылды. 

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Аягөз аудандық сотының

баспасөз қызметі