Пәтерде оқ атқаны үшін жазаланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Зырян аудандық сотында құқықбұзушы  Н-ға  қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, азамат Н.  Зырян қаласы Фрунзе көшесінде орналасқан пәтерінде, яғни елді мекенінде, өзінің әкесіне тіркелген пневматикалық винтовкамен оқ атқан.

Сот қаулысымен, азамат Н.  ӘҚБтК-нің  436-бабы 1-бөлігімен  (Елді мекендерінде атыс қаруынан, газды, пневматикалық қаруданоқ ату) әкімшілік құқық бұзғаны үшін кінәлі деп танылып, жаза ретінде  пневматикалық винтовканы мемлекеттік кіріске тәркілеуімен 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл тағайындалды.

Сот қаулысы  заңды  күшіне  енбеген.

 

Зырян аудандық сотының

 баспасөз қызметі