Пилоттық жобаның іске асырудың аралық нәтижелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Күршім ауданының № 2 соты даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобасын жүзеге асырылуының аралық көрсеткіштерін қорытуға арналған «Дөңгелек үстел» өткізді.

Азаматтық істерді қарауға мамандырылған судья С.Жүніспекова модератор ретінде сөз сөйледі.

Судья С.Жүніспекова пилоттық жоба екі бағытта, яғни, ұйымдастырушылық және ақпараттық бағыттарында іске асырылатынын мәлімдеді. Екінші бағытқа кеңінен тоқталған судья, пилоттық жобаны жүзеге асыруда оны бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихаттап, халықты таныстыру керектігін айтты. Сонымен қатар, судья қатысушыларға жоба ережесіне сай медиацияны жүргізу тәртібін баяндады.

2017 жылдың өткен екі айында пилоттық жоба шеңберінде қаралған істердің 30 пайызы бітімгершілік рәсімімен тоқтатылған. «Дөңгелек үстел» соңында әдістемелер әзірленді.

 

Күршім ауданының №2 аудандық сотының

 баспасөз қызметі