Өскемен қаласының №2 сотының ұжымы сот төрағасын құрметті демалысқа шығарып салды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қаласының №2 сотының ұжымы салтанатты түрде сот төрағасы Гульнара Адильбаеваны құрметті демалысқа шығуымен құттықтады.

Гульнара Адильбаева Шығыс Қазақстан облысы Катон-Қарағай ауданы Катон ауылында прокуратура қызметкері мен ұстаздың отбасында дүниеге келген.

1981 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетін аяқтап, Гульнара Адильбаева Семей облысының адвокаттар алқасында адвокат болып қызмет атқарды. 1995 жылдың қыркүйегінде Семей облысы Ақсуат аудандық халықтық сотына халық судьясы болып сайланып, сол соттың төрағасы лауазымына тағайындалды.  1996 жылы Шығыс Қазақстан облысының Семей қалалық сотының судьясы болып тағайындалып, 2009 жылға дейін қызмет атқарды. Кейіннен азаматтық істерді қарауға мамандандырылған Өскемен қалалық сотының төрағасы қызметіне тағайындалды. Ол сотта 2014 жылға дейін қызмет атқарып, Гульнара Адильбаева қылмыстық істерді қарауға мамандандырылған Өскемен қаласының №2 қалалық сотына төраға болып тағайындалды.

Қызмет атқару барысында Гульнара Адильбаева облыстың сот корпусының қоғамдық өміріне белсене араласты. Сот корпусының қоғамдық өміріне белсене араласқаны үшін Қазақстан Республикасының судьялар Одағының құрмет грамотасымен,  «Әйел басқарған үздік ұйым» атты конкурсының қорытындысы бойынша Өскемен қаласы Әкімінің дипломымен, Қазақстан Республикасының судьялар Одағының «Үш би» құрмет белгісімен, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының «Ерен еңбегі үшін» 3-санатты медалімен, Шығыс Қазақстан облыстық соты төрағасының алғыс хаттарымен марапатталған, Қазақстан Республикасының судьялар Одағының 4, 6 съезінде делегат болған, тәжірибе алмасу мақсатында Жоғарғы Сотпен Америка Құрама Штатына, Германия Федеративтік Республикасына жолданған.

Салтанатты жиналыста судьялар мен сот мамандары Гульнара Фазылқызына сот корпусының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін алғыстарын білдіріп,  22 жылдық судьялық еңбек өтілінде өзін сауатты, жоғары кәсібилік және әділеттілігімен ерекшеленетін судья ретінде көрсеткенін атап өтті. Сот төрелігін әрқашан жауапты, өзінің білімі мен тәжірибесін жетілдіре отырып жүзеге асырды.

 

Өскемен қаласының №2 сотының

баспасөз қызметі