Өскемен қаласының №2 сотымен оқу процесі өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қаласының №2 сотында оқу-көрсеткіш сот процестері өткізілді.  

Іс шара мақсаты – болашақ судьялардың дайындық сапасын көтеру, болашақ мамандықтарын меңгеруде студент-заңгерлердің кәсіби дағдыларын ынталандыру және тұрақты мемлекеттік қызметкерлер қорын қалыптастыруға жәрдемдесу болып табылады.

Судья рөлінде тағылымдамадан өтуші –судья лауазымына үміткерлер А.Бектыбаева, Ж.Касенова, хатшы, мемлекеттік айыптаушы, қорғаушы, жәбірленуші, сотталушы рөлдерінде С.Аманжолов атындағы ШҚМУ –нің заңтану факультетінің студенттері орындады. 

Іс шара қатысушыларымен денсаулыққа ауыр зиян келтіру және ұрлық жасағаны туралы қылмыстық істер бойынша оқу-көрсеткіш сот процестері өткізілді.  

Оқу-көрсеткіш сот процесін өткізуді дайындауда С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің оқытушысы А.Каленова белсенді араласты.

Іс шара қортындысы бойынша қатысушылар процесті талдап, пікір алмасты. 

 

Өскемен қаласының №2 сотының

баспасөз қызметі