Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Е.Ф. Кудербаевты салтанатты түрде құрметті демалысқа шығарып салу рәсімі өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында осы соттың судьясы Е.Ф. Кудербаевты салтанатты түрде құрметті демалысқа шығарып салу рәсімі өткізілді.

Аталмыш шараға соттың судьялары мен мамандары, медиаторлар және Өскемен қаласының прокуратурасы мен ІІБ-ның өкілдері қатысты.  

Сот төрағасы С.М. Ибраев «Қазақстан Республикасы соттарының төрағалары, алқа төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 22 қыркүйектегі Жарлығына сәйкес, зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Кудербаев Еділ Фазылұлының құрметті демалысқа шыққанын айта келе, оның еліміздің сот жүйесіне сіңірген  ұзақ жылғы адал әрі нәтижелі еңбегі үшін алғыс білдіріп, Еділ Фазылұлындай судьялар өскелең ұрпаққа өнеге болуы керектігін айтты. Сонымен қатар, сот ұжымының атынан құттықтау хат пен гүл шоқтарын және естелік сыйлық табыс етті.

Осыдан кейін Өскемен қаласының прокуратурасы мен ІІБ-нан келген өкілдер және медиаторлар сөз алып, өздерінің құттықтау сөздерін білдірді.

Е.Ф. Кудербаев өз кезегінде сот басшылығына және барлық әріптестеріне көп жылғы әріптестік қызмет үшін алғысын айтып, ризашылығын білдірді. Сонымен қатар, жас мамандарға әрдайым көмектесуге, ақылын айтуға әзір екендігін айтып, барлығына мықты денсаулық пен жұмыста жеміс тіледі.     

 

Өскемен қаласының

мамандандырылған әкімшілік сотының

баспасөз қызметі