Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік соты 2017 жылдың 9 айын қорытындылауға арналған баспасөз-мәслихатын өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында сот төрелігін жүзеге асыру бойынша 2017 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстарды қорытындылауға арналған баспасөз-мәслихаты өткізілді.

Баспасөз-мәслихаты жұмысына судьялар мен қатар, Altaynews.kz сайтының редакторы Ю.В. Чернявская, облыстық «Менің өлкем» және «Алдаспан» газеттерінің тілшілері қатысты.

Сот төрағасының ақпаратына сәйкес ағымдағы жылдың 9 айында Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында 8840 әкімшілік іс қаралған, ол 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1103 іске аз.

Сонымен қатар, сот төрағасы өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда сотқа келіп түсетін кейбір істердің саны азайғандығын атап өтті. Алайда, жылдан жылға ӘҚБтК-нің 608-бабы (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша қаралатын әкімшілік істердің саны әлі де азаймай тұр, – деді Сайран Муфлинұлы.  

Сондай-ақ, баспасөз-мәжілісі барысында қаралған барлық істердің санынан 1089 іс өндірісі қысқартылған, ал 7762 іс бойынша әкімшілік шаралар қолданылғаны айтылды. 

Сонымен қатар, сот төрағасы БАҚ өкілдеріне ӘҚБтК-не енгізілетін өзгерістер жобасы мен сот өндірісіне енгізіліп жатқан жаңа ақпараттық технологиялар туралы да айтты.

 

Өскемен қаласының

мамандандырылған әкімшілік сотының

бапасөз қызметі