Өскемен қаласында облыстың жоғарғы оқу орындарының заң факультеттерінің студенттері арасында «Ең үздік сот процесі» конкурсы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған айлық аясында облыстың жоғарғы оқу орындарында көптеген  шаралар өткізілуде.

Осындай шаралардың бірі, «Қазақстан Судьялар Одағының» Шығыс Қазақстан облыстық филиалы мен «Қазақстан халықаралық құқықтық қарым-қатынас қоры»  қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен  Өскемен қаласы Әкімдігі ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, Өскемен қаласында облыстың жоғарғы және орта оқу орындарының заң факультеттерінің студенттері  арасында «Ең үздік сот процесі» конкурсы  өткізілді.

Аталған конкурсқа Өскемен қаласы оқу орындарының төрт тобы қатысты. Топтардың құрамында оқу орындарында алдын ала өткізілген конкурстардың жеңімпаздары,  ең үздік студенттер болды.

«Судьялар одағының» ШҚО филиалының төрайымы, облыстық соттың судьясы Ғалия Алипанова өз сөзінде: «Қазіргі заманғы заңгер  -  бұл өз ісінің майталманы, заңгерлерге талаптар өзгерген. Енді, заңгер дипломын алған адам, басқа да мамандық иелерінен де ерекше қасиеттері болуы керек. Менің ойымша, қазақстандық құқықтық білім беру саласы қызмет атқарудың бастауына жақсы негіз болады. Көптеген түлектер мамандықтың келешектегі  практикалық жағын байқай отырып, осы салада қызмет атқарудан бас тартып жатады. Сондықтан, студенттер арасында осындай і-шаралар өткізіп тұру қажет»,- деді.

Конкурстың қорытындысы бойынша, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ –нің «Фемида»  тобы бірінші орынды,  «Әділет» тобы 2 орынды еншіледі. Ал,  Заң колледжінің студенттері үшінші орынды иеленді. Сонымен қатар,  «Ең үздік судья» номинациясы бойынша С.Аманжолов атындағы ШҚМУ –нің студенті Елена Воронко, «Ең үздік адвокат» номинациясы бойынша  студент «Әділет» тобының мүшесі Арайлым Тұрсынханова, «Ең үздік прокурор» номинациясын студент Артем Рукин жеңіске жетті.

Судья  Ғ.Алипанова жеңімпаздарға бағалы сыйлықтармен заң саласына қатысты кітаптар табыстап, оқуда озат, өз мамандығының иесі болуға тілегін білдірді.

 

Шығыс Қазақстан облыстық сотының

баспасөз қызметі