Өскемен қалалық соттарындағы мұрағат жүргізуге байланысты күрделі сұрақтар талқыға салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облысының маманадандырылған ауданаралық экономикалық сотының ғимаратында «Соттардағы мұрағат жүргізуге байланысты күрделі сұрақтар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған іс-шараға Өскемен қалалық сотының төрағасы Б.К. Тайтолеуов, Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты төрағасының міндетін атқарушы Б.М. Жаманбаев, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Е.О. Айтпай, Өскемен қаласының №2 сотының кеңсе меңгерушісі С.А. Жортбасова, Өскемен қалалық сотының кеңсе меңгерушісі А.А. Амангелді, Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының кеңсе меңгерушісі А.М. Жилкашинова, Өскемен қалалық сотының бас маманы С.М. Камиева және Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының бас мамандары Б.С. Касенова, Ж.Ж. Сарабек қатысты.

Сот істерінің уақытылы әрі сапалы әзірленуі, жалпы іс – жүргізу құжаттары нарядының құрылуы, олардың сақталуының қамтамасыз етілуі іс-жүргізу бөлімі мен мұрағаттың маңызды мақсаты болып табылады.

Құжаттармен дұрыс ұйымдастырылған жұмыс, тұрақты сақтау үшін істерді уақытылы әрі білікті таңдау, құжаттарды мұрағатқа өткізудің айқын тәртібі, олардың тиісті орындалуы және сақталуы сот қызметі туралы шынайы анықтамалық ғылыми ақпараттың жедел түрде алынуын қамтамасыз етеді. Бұл тек тарихи жағынан ғана емес, сонымен қатар азаматтардың ескі жылдардағы құжаттар мен ақпараттарды алуын қамтамасыз ету жағынан да маңызды.

Іс-шара барысында аталған тақырып бойынша күрделі сұрақтар талқыланды. Құжаттармен сапалы ұйымдастырылған жұмыс, оларды мұрағатқа өткізудің нақты тәртібі, тиісті қолданылуы, сақталуы берілуі және өңделуі сот жұмысының үздіксіз жүруін қамтамасыз ететіні аталып өтілді.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша Өскемен қаласының соттарына тәжірибелік көмек көрсету мақсатында істер мен материалдарды өңдеу және жою бойынша жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды. Топ құрамына Шығыс Қазақстан облыстық сотының және Өскемен қаласы соттарының жауапты мамандары кіретін болады.

Аталған жұмыс тобының құрылуы соттар мұрағаттарының жұмысын күшейтіп, кеңсе мамандарына теориялық және тәжірибелік біліктілік жинауына ықпал ететіні аталды.

 

ШҚО мамандандырылған ауданаралық

экономикалық сотының

баспасөз қызметі