Облыс орталығының тұрғыны заңсыз құмар ойындарының бизнесін ұйымдастырғаны үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қаласының №2 сотында С.-ға қатысты ҚК 307-бабы, 1-бөлігі (ойын мекемесiн заңсыз ашу не ұстау немесе ойын бизнесi саласындағы қызметтi заңсыз ұйымдастыру, сол сияқты заңсыз ойын бизнесі үшін үй-жайлар беру не Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасында белгіленген орындардан тыс құмар ойындарын ұйымдастыру және өткізу не ойын бизнесі саласындағы қызметі лицензиясыз жүзеге асыру) бойынша қылмыстық іс қаралды.

Сотта 2016 жылдың аяғында С. жеке кәсіпкер бола тұра, ойындары орнатылған 6 аппараттық-жүйелік кешенін сатып алып, бұл жабдықтарды орнатуға рұқсаты жоқ екенін біле отыра, оны жалға алған бөлмеге орналастырып, заңсыз бизнес жасағандығы туралы анықталды.

2017 жылдың ақпанында полиция қызметкелерімен құпия сатып алу бақылауды жүргізген соң, С. тұтқынға алынып, аппараттық-жүйелік кешендері тәркіленді.

Соттың үкімімен С. заңсыз құмар ойындарының бизнесін ұйымдастырғаны үшін 500 айлық есептік көрсеткіш, яғни 1 134 500 теңге көлемінде айыпұл салынып, Шығыс-Қазақстан облысының Ұлттық Банк филиалында сақтауда жатқан мүліктің қаражат соммасы 306 700 теңге тәркіленуге алынды.

Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Өскемен қаласының №2 сотының

баспасөз қызметі