№ 1 Ювеналды сотта «дөңгелек үстел» өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облысының №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандырылған ауданаралық сотының судьясы Г.Ж. Боранбаева «Дауларды реттеудің тиімді әдісі  - медиация» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел жұмысына  кәсіби медиаторлар А.А Каленова, М.Т.Алиева,  Е.Ж Абиканов және Глубокий,Ұлан аудандық қамқоршы және қорғаншы органдарының әдіскері Б.Мұхамадиева, Г. Мұхамадиева қатысты.

Судья өз сөзінде медиаторлар мен қамқоршы және қорғаншы органның әдіскерлерінің рөлдері ата-аналар арасындағы дауларды шешуде маңызы зор екендігін атап айтты.

Қазақстанда ата-аналардың сеніміне ие қамқоршы және қорғаншы органның әдіскері мен медиаторлар істі сотқа жеткізбей бітімге келуге көмектесе алады.

Дөңгелек үстелдің соңында қатысушылар ата-аналар арасындағы дауларды шешу бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.

 

 

ШҚО № 1  кәмелетке толмағандардың істері

жөніндегі мамандандырылған

ауданаралық сотының баспасөз қызметі