«Моральдық зиянды өтеу туралы істерді қарау мәселелері» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Күршім ауданының № 2 сотында «Моральдық зиянды өтеу туралы істерді қарау мәселелері» атты тақырыпта  дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге аудандық прокуратураның өкілдері және адвокаттар қатысты.

Судья С.Жүніспекова сот тәжірибесінде моральдық зиян келтіргені үшін төлем ақының мөлшерін анықтау судьяларға ғана емес жәбірленушінің өзіне де қиынға соғады себебі, заңнама келтірілген моральдық зиян үшін не ең төменгі, не ең  шекті өтемақының көлемін анықтамайды. Компенсация көлемін белгілеу кезінде соттар азаматтық заңнаманың талаптарымен қарастырылған жалпы ережеге сүйенеді. Моральдық зиян өтемақысының көлемі, Азаматтық процестік кодексінің  жалпы ережесі бойынша, адалдықтың, ақылға қонымдылықтың, әділдік талаптарына сүйене отырып анықталатынын қатысушылардың назарына жеткізді.

Дөңгелек үстел соңында қатысушылар өзара пікірлерімен алмасты.

 

Күршім ауданының № 2 аудандық сотының

баспасөз қызметі