Меморандумға қол қойылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017 жылдың 4 қазанында Көкпекті ауылында ішкі істер бөлімінің акт залында аудандық прокуратурасының бастамасымен "Қылмыстық процесті азаматтардың мүддесіне оңтайландыру» пилоттық жобасын іске асыру мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.

Кеңеске Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотының төрағасы Н.Нуралинов,  аудан прокуроры м.а. Б. А. Убин, Көкпекті аудандық сотының төрағасы Бақытбекұлы. А., Көкпекті аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Қ. Бытебаев, жергілікті полиция бөлімінің бастығы Ф.Мавлютов және басқа да құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты.

Бірінші болып прокурордың м. а. Б. А.Убин, пилоттық жобаның негізі міндеті айқын істерді тергеу үшін бюрократтық кедергілерді жою болып табылатындығын. Көкпекті ауданының ішкі істер және Самар полиция бөлімдерінің жұмысының ашықтығы мен сапасын жақсарту мақсатында тергеу әрекеттерін жүргізу үшін тәулік бойы бейне түсірілімі бар  2 ашық кабинеті жабдықталған және жұмыс істейтіндігін. Бұл ретте, ішкі істер бөлімінің ғимаратының фойесінде монитор орнатылғанын, онда ұсталған тұлғаларды онлайн режимде туыстары көре алатындығын атап өтті. Баяндамашы атап өткендей, тұтастай алғанда, қылмыстық істерді  сотқа жолдау бойынша оң үрдіс байқалады. Мерзімдері жобалау бойынша 01.10.2017 жылға үлес салмағы 61,2%, яғни  31 өндіріспен аяқталған істердің 19 оңтайландырумен бағытталған. Алайда, проблемалық сұрақтар бар. Баяндамашы тергеу кезінде әуре-сарсаңға салушылық орын алған қылмыстық істер бойынша нақты мысалдар келтірді.

Көкпекті ауданының №2 сотының төрағасы Н.Нуралинов өз сөзінде онда тергеушілер жіберген өрескел қателіктер мен кемшіліктері жөінде мысалдар келтіріп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының атына сын айтты.

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша қылмыстық процесті оңтайландыру бойынша аудан соттары мен прокуратура арасында меморандум қабылданды.

 

Көкпекті ауданының 

№ 2 аудандық сотының

баспасөз қызметі