Мемлекеттік сот орындаушының қызметтік міндеттерін тиісінше орындамау

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей қалалық соты мемлекеттік сот орындаушының атына қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағанына байланысты жеке ұйғарым шығарды.

Жеке ұйғарым өндірушінің шағымын қарау нәтижелері бойынша шығарылған, себебі 2008 жылдан бастап сот шешімі орындалмай, атқару парағы бірнеше рет қайтарылған. Сот орындаушысы борышкердің мүлігінің бар жоғын анықтаған, алайда борышкерге іздеу жарияланғандықтан атқару әрекеттерін жалғастырмаған. Борышкердің мекен жайын анықтап, жауапкердің сот шешімін орындау мақсатында мүлікті бағалап, өткізу мәселесін шешуге мүмкіншілігі болған.

Сот, алдағы уақытта ұқсас кемшіліктердің қайталануын болдырмау үшін Шығыс Қазақстан облысы бойынша Әділет Департаментінің басшысына жеке ұйғарымда көрсетілген фактілерді жеткізуді ұйғарды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енді.

 

Семей қалалық сотының

баспасөз қызметі