«Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі» тақырыбында семинар сабағы өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Көкпекті ауданының  №2 аудандық  сотында «Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі» тақырыбында сот қызметкерлері арасында семинар сабағы өтті.

Кеңсе меңгеруші Л.Құнанбаева  мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларының негізгі ережелерін түсіндіріп, және мемлекеттік қызметшілер жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым – қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға, сонымен қатар, мемлекеттік  және еңбек тәртібін бұлжытпай сақтауға, берілген өкілеттіктерді тиімді иеленуге, өзінің қызметтік міндеттерін адал, сапалы атқару керек екендерін айтты.

Семинар қорытындысы бойынша мамандарға қызметтік тәртіпті сақтауға, өзінің қызметтік міндеттерін адал орындауға, іс-әрекеттерімен басқа әріптестеріне үлгі ретінде қызмет ету тапсырылды.  

Семинарға қатысушылар осындай сабақтар ұжымда іскерлік және жақсы қарым-қатынаспен бірігіп қызмет істеуге септігін тигізетіндігін атады.

 

Көкпекті ауданының  № 2 аудандық сотының

баспасөз қызметі