«Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі» тақырыбында семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облысының № 1 кәмелетке толмағандардың істері бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында бас маман А.А.Алижанова «Әдеп кодексі» тақырыбанда кеңсе мамандары арасында семинар өткізді. А.А.Алижанова баяндама оқыды. Өз баяндамасында бас маман А.А.Алижанова Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық бейнесіне жоғары талаптар қойылды.

Қоғам  мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш жігерін, білімі мен тәжірибесін атқаратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны –Қазақстан Республикасына адал да қалтқысыз қызмет етеді деп сенім білдіреді. Қазақстан республикасының Әдеп кодексі мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқының негізгі стандарттарын белгілейді.

Мемлекеттік қызметшілер осы құжатқа сай, Қазақстан Республикасының президентінің ұстанған саясатын қолдап, оны іс жүзінде орындауға, және өз істерімен мемлекеттік биліктің беделін нығайтуы керек, жұмыстарында заңдылықты басшылыққа алып, қоғам мен мемлекет пайдасына қызмет етуі керек.

Семинар басында туындарған сұрақтарға толық  жауаптар  берілді.

 

ШҚО № 1 кәмелетке толмағандардың істері

жөніндегі мамандандырылған

ауданаралық сотының баспасөз қызметі