Мемлекеттік қызметші күніне арналған жиын өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Мемлекеттік қызметші күніне арналған жиын өтті.

Сот төрағасы Б.Ә.Кәсенов сот жүйесінде қызмет атқаратын барлық мемлекеттік қызметшілерді мерекелерімен құттықтай келе: мемлекеттік қызметті дамытуға және мемлекеттік қызметшілердің кәсіби аппаратын қалыптастыруға зор мән беріліп отырғанын атап өтті. Халықтың мемлекеттік билікке деген сенімі билік өкілі ретіндегі мемлекеттік қызметшілердің іс-әрекеті мен біліктілігіне тікелей байланысты екенін айтты.

Іс-шара соңында сот төрағасы Б.Ә.Кәсенов сот мамандарына мерекеге қатысты тілектерін білідіріп, қатысушыларды құттықтады.    

 

ШҚО қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының

баспасөз қызметі