Іс медиатордың қатысуымен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Курчатов қалалық  сотымен ҚК 188-бабының 1-бөлігімен  (ұрлық)  азаматша Т.-ны айыптау туралы қылмыстық іс қаралды.

Сот отырысында анықталғаны, сотталушы Т. азаматша Д.-мен  «Аида» дүкенініне банкоматтан ақша шешіп, азық-түлік алу үшін келген. Бағаларды қарау кезінде, дүкенде орналасқан тоңазытқыштың сөресінде, жәбірленуші Ж.-ның кәмелетке толмаған қызына тиесілі «Samsung J7» маркалы ұялы телефонын байқап қалып, оның әлденеге алданып тұрғанын пайдаланып, аталаған ұялы телефонды жасырын ұрлап алған.

Ұрланған затпен қылмыс орнынан орнынан бой тасалап, сотталушы Т. қылмыстық әрекетімен жәбірленушіге 75 000 теңге мөлшерінде материалдық залал келтірген.

Сот отырысында сотталушы мен жәбірленуші медиация тәртібімен татуласқанын айтып, істі қысқартуларын сұрады.

Сот қаулысымен Т.-ға катысты қылмыстық іс медиация тәртібінде қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Курчатов қалалық сотының

баспасөз қызметі