«Медиация - жаңа пилоттық жоба»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Көкпекті ауданының №2 аудандық сотының сот приставы Р.Сүйеукенов «Самар» қазыналық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне «Медиация – жаңа пилоттық  жоба» тақырыбында дәріс өткізді.

Медиация - үшінші бейтарап, турашыл тараптың медиатордың көмегімен дауды соттан тыс шешу формасы.

Дәріс барысында сот приставы Р.Сүйеукенов 2017 жылдың 26 қаңтарында Жоғарғы Сот Төрағасымен өзге санаттағы дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу пилоттық жобасының бекітілгенін, пилоттық жобаны іске асырудағы ортақ ережені, түсініктерін, мақсатын, міндетін және тәртібін түсіндіріп өтті. Медиацияны өткізу міндетті санаттағы дауларды атап өтті, олар: қарыз шарттары және кейбір еңбек даулары, баланың тұрғылықты жерін анықтау, ата-ананың баламен сөйлесу тәртібін анықтау, басқалардан баланы тартып алу, неке бұзу және мүлікті бөлісу туралы даулар екендігін  түсіндірді.

Іс-шара соңында Р.Сүйеукенов дәріске қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

 

Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотының

 баспасөз қызметі